Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бірқатар БАҚ беттерінде Алматы қаласы полициясы Элеонора Зиетдинованың атындағы «ҚР Президенті Іс басқармасы кеңесші көмекшісінің» куәлігін көрсеткен, көлікті мас күйінде жүргізіп келе жатқан әйелді ұстағандығы туралы хабарланған болатын. Аталған тұлға ҚР Президентінің Іс басқармасы жүйесінде бұрындары жұмыс істемеген және қазіргі уақытта қызмет атқармайтындығын хабарлаймыз. Элеонора Зиетдионва атына ешқандай куәлік берілген емес», - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.