Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы ADD Үстел теннисі орталығында Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының матчтары басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Командалық турнирде теннисшілер шағын топқа бөлініп ойнады. Одан үздік шыққан екі құрама финалдық сегіздікке еніп, медаль үшін таласып жатыр. Қыздар арасында: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Ұлдар арасында: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстары.