«Қазіргі уақытта біздің мамандар қала аумағында үй жануарларын есепке алу мақсатында иттер мен мысықтарды тегін чиптеп жатыр. 2022-2023 жылдары 15000 үй жануарларын чиптеу жоспарланған», - деді ветқызметтің өкілі.
Спикердің айтуынша, жануарды чиптеу дегеніміз - жануарларды (ит, мысық) электронды сәйкестендіру мен жануардың терісі астындағы микрочиптің имплантациясы. Онда 15 таңбалы бірегей нөмір бар, ол жануармен бірге өмір бойы қалады.
«Олардың санын сәйкестендіру және есепке алу - қаңғыбас жануарлардың мәселесін шешуге бағытталған. Олардың пайда болуының негізгі себептері әлі күнге дейін өздігінен серуенге шығу, үй жануарларын жоғалту және ұстаудан бас тарту болып табылады. Табылған жануарда чиптің болуы оны үйге қайтаруға мүмкіндік береді», - деді спикер.
Сондай-ақ ол қараусыз және қаңғыбас жануарлардың санын реттеу мақсатында қоғамдық бірлестіктер мен жануарларды қорғау ұйымдары Алматы әкімдігімен бірлесе жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.