Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, өзін ұялы телефондардың бөлшек сатушысы ретінде таныстырған 22 жастағы А.есімді азаматша, көтерме жеткізушілерден мобильді құрылғыларды алып кеткен. Нәтижесінде – телефон да, ақша да жоқ.
«4 жеке кәсіпкер полицияға ресми түрде арызбен жүгінді, олар келтірілген материалдық шығынды 30 миллион теңгеге бағалады. Күдікті ұсталды және ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыс іс қозғалды. Оның осыған ұқсас эпизодтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Осыған байланысты, біз азаматтарға өз байланыс нөмірлеріміз туралы хабарлаймыз, сол арқылы басқа да жәбірленушілер тергеушілерге хабарласа алады: 8-708-707-92-02 және 8-705-555-77-63», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.