Бұл туралы бүгін апталық брифингте ІІМ-нің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске сала кетейік, желтоқсанның 16-сы күні Алматыда қырғыз журналисі Г. Павлюк ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын. Ол қол-аяғы скотчпен байланып Фурманов көшесіндегі үйдің 6-шы қабатынан лақтырылған.
Журналист терезесінен құлаған пәтер жалдамалы болған. Оны тексеру барысында тілші тұрып жатқан «Қазақстан» қонақүйіндегі бөлмесінің кілті мен бір орама скотч және ноутбукке арналған бос сөмке табылды. Құлаған адамның журналист Г.Павлюк екендігін қалтасындағы қызметтік куәлігі арқылы білу мүмкін болған. Қазір қырғыз тілшісі өте ауыр халде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта журналисттің бұл пәтерге қалай және кіммен келгені анықталуда.
Г.Павлюк Қырғызстандағы «Аргументы и факты» басылымында, «КП-Қырғызстан» газетінде тілші болған. Кейін «Белый пароход» интернет-газетінің бас редакторы қызметін атқарып жүрген.