Алматыда үйдің ауласында көлік баланы қағып кетті
13:26, 22 Мамыр 2023
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Alma City» тұрғын үй кешенінің ауласында Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі 7 жасар баланы қағып, ойын алаңына кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 20 мамыр күні кешкі сағат 18:30 шамасында «Alma City» шағын ауданында болды.
«Daewoo» маркалы көліктің жүргізушісі ішкі ауламен батыс бағытта келе жатып, 7 жасар баланы қағып кетті. Ол дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. ЖКО дерегін Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр»,- деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.
Бұған дейін «Alma City 2» тұрғын үй кешенінде подъезд есігі баланың үстіне құлап, оны басып қалған болатын.