Алматыда үйдің иесі өзінің ауласынан граната тауып алды
09:43, 20 Тамыз 2010
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы жекеменшік тұрғын үйдің иесі өзінің ауласынан граната тауып алды.
«Арнайы жүргізілген шаралардың нәтижесінде табылған зат Ф-1 маркалы оқу гранатасы екендігі анықталды. Зат аудандық ішкі істер департаментімен алынды», - деп анықтады ТЖМ-дан.