Қала басшысының сөзінше, Damu bala бағдарламасына жергілікті бюджеттен 16,2 млрд теңге бөлінген.
«Жалпы қабылданған шаралардың арқасында 2025 жылдың соңына дейін тегін қосымша білім берумен қамту өсімі 25%-ға дейін ұлғаяды. Тегін үйірмелерге баратын балалар саны 60 мыңға жетеді», - деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар ол сапалы білім берудің ажырамас бөлігі сыныптан тыс білім беру екенін атап өтті. Биыл маусым айында Мемлекет басшысының қатысуымен Наурызбай ауданындағы балаларға арналған Инновациялық шығармашылық орталығының ашылуы қаламызға ғана емес, бүкіл республика үшін айтулы оқиға болды.
«Келесі аптада Алатау ауданында осындай орталық ашылады. Бұл бірегей нысандар балалардың танымдық демалысының классикалық және заманауи бағытының бірлескен мысалы. Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету аясында біз 2025 жылдың соңына дейін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қосымша білім берудің тағы 5 заманауи орталығын жаңғыртуды және салуды жоспарлап отырмыз», - деді Ерболат Досаев.