Онда полицейлерге академияның білікті профессорлық-оқытушы құрамы аталмыш бағыттағы жұмыстың дағдылары мен ерекшеліктерін үйрететін болады. Атап айтқанда, еліміздің әр өңірлерінен ұйымдасқан қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша полиция мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Оқыту орталығының басты мақсаттарының бірі – ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізу жұмысында полицейлердің кәсібиліктерін арттыру. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов атап өткендей, республика бойынша түрлі қылмыстық топтар мен элементтерді құрықтауға, олардың алдын алу мен жолын кесу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Орталық жедел уәкіл қызметкерлердің кәсібилігі мен білімдерін арттыруға мүмкіндік береді.
Ашылу салтанатынан соң, орталықта көші-қон бойынша Халықаралық ұйым миссиясының және Орта Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының өкілдерінің қатысуымен «Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында алдағы уақыттағы жұмыстар жоспары мен оқыту формасын жетілдіру туралы мәселелер талқыланды.