деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыскерлер Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының тұрғындары болып табылады.
«Бұл топ кәсіпкерлердің фирмаларына қарумен баса-көктеп кіріп, сейфтегі ақшаны ұрлаумен айналысып келген. Сондай бір әрекеттің құрбанына көп балалы әйел де душар болған», дейді Алматы қаласы ІІБ ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Бақыт Балғымбаев.
Қылмыскерлер адамдарды қорқыту үшін травматикалық тапанша, арматура, кастет және сейфтерді ашатын құралдар пайдаланған. Полицейлер осы аталған қару-жарақ қоймасын Кармысов көшесінде тұрып жатқан үйлерінде кезекті шабуылды жоспарлау кезінде құрықтаған.
«Ия, бізде бұл адамдардың жақын күндері қарулы шабуыл жасайтындығы жайлы жедел ақпарат болды. Олар қылмыс барысындағы әр қатысушының рөлін талқылау мақсатында әдейі жеке тұрғын үйді жалдаған. Қылмыстық топты құрықтауға арналған операция сәтті өтті. «Арлан» арнайы қарулы бөлімше жауынгерлерінің арқасында күдіктілерді ұстау қиынға соқпады. Олардың қарсылық көрсетуге де шамасы болмады», дейді Б.Балғымбаев.
Қылмыстық топ мүшелерінің қарақшылық шабуыл мен ұрлық жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке бірнеше рет тартылғаны белгілі болды.
Қазіргі күні полицейлер олардың басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы болуын анықтауда.