Алматыда үздіксіз экономикалық білім беру мәселелеріне арналған республикалық конференция өтіп жатыр

None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ – Бүгін Алматыда «Үздіксіз экономикалық білім беру: оқытуды және әдістемелік қамтамасыз етуді түрлендіру» деп аталатын IV республикалық оқу-әдістемелік конференция өз жұмысын бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақтың Тұрар Рысқұлов атындағы экономикалық университетінің ректоры Әли Әбішевтің айтуынша, бұл шара алғаш рет 2006 жылы ұйымдастырылған болатын. Үздіксіз экономикалық білім беру жүйесі мектепке дейінгі дайындық мекемелерінен басталып университетке дейінгі аралықты толық қамтуы керек. Аталмыш мәслихатқа еліміздің бизнес білім беру саласындағы түрлі деңгейдегі оқу орындарының мамандары мен өкілдері қатысып отыр. «Бұл алқалы басқосу кезінде бүгін халықаралық бизнес мектебінің тұсаукесері мен секциялық мәжілістер және «Бизнес-білім беру жүйесінде менеджерлерді даярлаудың қазіргі заманғы технологиялары», «Техникалық» бакалаврлар негізінде экономиканың жоғары технологиялық салалары үшін менеджерлер даярлау» секілді семинарлар өтеді. Сондай-ақ «Білім алушыларды шет тілдерге дайындау деңгейін арттыру мақсатымен оқытудың инновациялық технологияларын қолдану» деген дөңгелек үстел мәжілісі мен экономикалық және бизнес-әдебиеттердің жәрмеңке-көрмесі ұйымдастырылады», дейді экономика ғылымының докторы, профессор Әли Әжімұлы.