Алматыда V Бүкіләлемдік WCET - 2012 инжинеринг және технологиялар конгресі өтеді

АЛМАТЫ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 1 маусым күні "Ғылым және технологиялар: келешекке қадам" деген тақырыппен V Бүкіләлемдік «WCET - 2012 инжинеринг және технологиялар конгресі өтеді.

Оны    ҚР Білім және ғылым министрлігі, Халықаралық инженерлік академия, Инжиниринг пен технологияның Малайзия қоғамдастығы, Ислам елдері инженерлер институттарының федерациясы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оған  Шығыс Еуропа, Орталық Азия және  ТМД елдерінің делегаттары қатыспақ. Конгресте олар білім саласын жоғарғы технологиялар және инновация  шешімдерімен қамтамасыз ету; экономиканың инновациялық секторына қолдау көрсету; ынтымақтастық шеңберінде азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және экономикалық тұрақты өсімге қол жеткізу үшін ғылыми технологияларды жетілдіру сияқты өзекті мәселелерді талқылайтын болады.