Алматыда V Медиа Құрылтай өтеді

None
АЛМАТЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - 20 қараша күні Алматы қаласында мерейтойлық V Медиа Құрылтай - қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелері жөніндегі жыл сайынғы салалық конференциясы өтеді.

Шараның мақсаты - медиа-индустрияның жетекші қатысушылары, қоғамдық пікірдің сарапшылары мен көшбасшылары БАҚ секторындағы проблемаларды және оларды шешу жолдарын талқылай алатын, медиа-бизнесті дамытудың табысты стратегияларымен бөлісе алатын тұрақты кәсіби пікірталас алаңын құру.

Медиа Құрылтай-2012 сыртқы орта мен технологиялық инновациялардың жылдам өзгермелі жағдайында БАҚ-тардың өсуінің жаңа стратегияларына арналатын болады.

Медиа Құрылтайды өткізу жылдарында ол пікірталастар мен қабылданған шешімдердің жоғары тиімділігін көрсетіп, БАҚ иелері мен көшбасшылары, бас редакторлар, журналистер, шенеуніктер, сарапшылар мен  инвесторлар саланы дамыту мәселелерін талқылап, табысты стратегиялардың тәжірибесімен, проблемалармен және оларды шешу жолдарымен алмасатын, медиялық ұйымдардың кәсібилігін және өсуін күшейту үшін қажетті білім алатын медиа қоғам үшін тәуелсіз алаңқай ретіндегі қажеттілігін дәлелдеді. Бұған дейінгі Медиа Құрылтайларға Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Батыс және Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдерінен 1000-ға жуық сарапшы қатысты.