«Бұл осымен оныншы рет ұйымдастырғалы отырған концертіміз, алғашқысы 2001 жылы өткен болатын. Әдеттегідей В.Высоцкийдiң жақсы және сирек әндерi шырқалады, сонымен бiрге осы жарқын шығармашылық адамы туралы бiздiң әртістердің жазған өлеңдерi де оқылады», дейді «Вигус» авторлық әндер театрының басшысы Владимир Гусар.
Дәстүрге айналған концерт В.Высоцкийдiң туған күнi қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылады. Ол 1938 жылы қаңтардың 25-де дүниеге келіп, 1980 жылы шілденің 25-де өмірден озған еді.