Алматыда вакцина алғандарды қалай анықтайды
«Тексеруді аурухана эпидемиологтарының өздері жүргізеді, бізде де бақылау пункттері бар. 15 шілдеден кейін мониторингтік топтардың жұмысы бас санитариялық дәрігердің барлық контингентті вакциналау туралы 31-ші қаулысының орындалуын бақылауға бағытталады. Әрине, ішінара тексерістер болады», - деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол қызметкерлердің вакцина алғанын немесе алмағанын қалай тексеруге болатынын айтты.
«Кез келген мекеменің кадр бөлімі бар, қызметкерлердің тізімі бар, мәліметтер базасын қарауға болады. Барлық қызметкерді жеке тексеру болмайды, жұмыстарына кедергі жасалмайды. Цифрлық технологияларымыз бұл жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді», - деді ол.
Оның айтуынша, егер бір компанияның елдің бас санитариялық дәрігерінің бұйрығын орындамайтыны анықталса, онда оның жұмысын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады. Бірақ алдымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.