Алматыда веложарыс өтті

МАТЫ. 20 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен Спорт күні мен Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының 75 жылдығына арналған веложарыс өтті.

Дәстүрлі түрде өтетін веложарысқа қала әкімі Ахметжан Есімов те қатысты. Бір айта кетерлігі, ол велосипед жарысын нағыз насихаттаушылар мен осындай іс-шараларды өткізушілердің бірі. Мұндай веложарыс өткен сайын оған қатысушы алматылықтардың қатары да өсуде. Сонымен қатар велосипедті көлік ретінде пайдаланушылардың саны да ұлғаюда.

Жарыс әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысында басталып, ҚР тұңғыш Президентінің саябағы алдындағы алаңда аяқталады. Сондай-ақ веложарыстың жеңімпаздары түрлі аталымдар бойынша марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы - Алматы қаласы әкімдігінің туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы.