Алматыда VI халықаралық сапа форумы өтуде

АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Болашақ үшін сапа» ұранымен VI халықаралық сапа форумы өтуде.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін фактордың бірі - сапа. Форумды ұйымдастырушылар осы іс-шараны өткізу арқылы тауар өндірушілердің, мемлекеттік басқару органдарының және қоғам назарын тағы бір рет сапа мәселесіне аудартуды көздеп отыр.

Аталған шараның негізгі міндеті - қазақстандық аудиторияны халықаралық менеджмент стандарттары мен компанияның қызметін жетілдірудің жаңа құралдарын енгізу саласындағы әлемдік беталыстар туралы хабардар ету.

Форумға сапа саласындағы еліміздің мамандарының деңгейін жоғары бағалайтын Сапа жөніндегі кәсіби мамандардың халықаралық гильдиясы мүшелері қатысуда. Сонымен қатар шара аясында заманауи жағдайларда менеджменттің тиімді тұстарын қолданудың әдістемелік және тәжірибелік мәселелері де қарастырылуда. Мәселен, жетекші ғалымдар компаниялардың қызметін жетілдіру саласындағы әлемдік беталыстар туралы баяндаса, ең табысты кәсіпорындардың басшылары бәсекелесуді арттыру жөніндегі кеңестерін ортаға салды.

8-ші қазанға дейін жалғасатын бұл форум ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан сапа көшбасшылары қауымдастығының қолдауымен өтіп отыр.