«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, конференцияның мақсаты - білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру және психологиялық-педагогикалық тәжирибенің ғылыммен байланысын нығайту, инновациялық технологияларды енгізу, үздік тәжірибелерді тарату, дарынды балалармен жұмыс жүргізуде педагогтардың жеке кәсіби даярлығын арттыру болып табылады.
Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі- ол шығармашыл педагог-зерттеушілерді анықтау және қолдау, олар әзірлеген педагогикалық идеялардың таратылуына ықпал ету, инновациялық технологиялар, әдістемелер, модельдерді бейімдеу мен сараптау, сонымен қатар педагогтардың кәсіби қарым-қатынастарын қалыптастыру.
Фестивальға 3 жылдан кем емес инновациялық қызметпен айналысатын педагогикалық қызметкерлер, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру, қосымша орта білім беру ұйымдарының ұжымдары, облыстардың, Астана және Алматы қалалары педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институттарының әдіскерлері қатыса алады.
Бұл шараға қатысуға дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының 184-ден аса педагогтары өтінім берді.
Фестивальға қатысушыларға сертификаттар тапсырылады, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Фестивальдің салтанатты ашылуы 2010 жылы 18 желтоқсан күні, ал салтанатты жабылуы 19 желтоқсан күні Алматы қаласында «Алатау» шипажайы базасында өтеді.