Алматыда VII Еуразиялық монополияға қарсы форум өтіп жатыр
Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ.
Форум - Еуразия құрлығы аумағындағы ұлттық және трансшекаралық нарықтарды монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, сарапшылар қоғамдастығы және бизнес өкілдерінің өзара практикалық тәжірибе мен пікір алмасуы үшін салмақты халықаралық алаң.
VII форумның негізгі тақырыптары:
- Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың және тергеу жүргізудің жаңа тәсілдері
- Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестік бұзылған жағдайда нарық субъектілерінің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндіктері
- Бәсекелестер арасындағы дауларды шешу тәжірибесі
- Нарық субъектілерінің мүдделерін қорғау практикалық сұрақтары
- Монополияға қарсы комплаенс – монополияға қарсы тәуекелдерді төмендетудің тиімді тәсілі.
«Форумды Қазақстанда өткізу жақсы дәстүрге айналды. Мұнда жыл сайын жақын және алыс шетелдердің монополияға қарсы агенттіктерінің басшылары бас қосады. Әлемдік экономикалық қауымдастық пен бизнес құрылымдарының өкілдері өз ойларын ортаға салады. Көтерілген мәселелер біздің елдің одан әрі дамуы үшін қажет. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әділ бәсекелестікті Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты негізделуі тиіс жеті принциптің бірі деп атаған болатын. Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты осыған негізделуі тиіс. Үш негізгі ойыншының нарықтағы орташа үлесі бүгінде әр түрлі салаларда 70 -тен 100% -ға дейін. Мемлекет басшысы мұны өзінің былтырғы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті. Елдегі бәсекелестікке барынша қолайлы жағдай жасау қажет»,- деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.
Еуразиялық монополияға қарсы форум шеңберінде Халықаралық бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат орталығы мен БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығы арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылады.