«Игла» фильмінің соңғы кадрлары түсірілген атақты Мұқан Төлебаев көшесінде Виктор Цойдың ескерткіші салынады. Алматының ең танымал жерінде кіші архитектуралық форма пайда болады. қыркүйек айында қойылса, жақсы болар еді. Туризм үшін де бұл тәуір іс, себебі құрлықтың алтыншы бөлігінде оны пір тұтатын адамдар көп», - деді «Игла» фильмінің режиссері, қазақстандық киногер маман, Ұлттық кинематография өнері және ғылымдары академиясының президенті Рашид Нұғыманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, Лондонда фестиваль өткізу жоспарда бар. Онда Нұғымановтың картиналары жұрт назарына ұсынылмақ. Олардың ішінде Виктор Цой түскен «Йя-хха» мен «Игла» фильмдері де бар.