«Бүгінде қалада 10 коронавирус ошағы бар. Ол жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтауға 64 полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған. Полиция қызметкерлерімен қоса әкімдік қызметкерлері және санэпидемиология қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Инфекция ошақтарында қоғамдық тәртіп бұзу дерегі тіркелген жоқ», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басқарма басшысы Жандос Мұраталиев.
Айта кету керек, Алматы билігі кеше ауру ошағы ретінде 10 мекенжайды атаған болатын.
Қазір Қазақстанда 53 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.
НұрСұлтан қаласында -28, Алматыда – 22, Қарағандыда -2, Алматы облысында 1 жағдай анықталды.