Алматыда волейбол фестивалі өтуде

АЛМАТЫ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Алматыдағы Октябрь Жарылқапов атындағы спорт кешенінде волейбол фестивалі өтіп жатыр. Халықаралық волейбол фестивалі (FIVB) аясында дәстүрлі түрде жыл сайын болатын бұл шараны "Самұрық-Қазына» ұлттық әл-

ауқат қорының қолдауымен ҚР Спорт істері және дене шынықтыру агенттігі мен ҚР Ұлттық волейбол федерациясы ұйымдастырып отыр. Мақсат - балалар мен жасөспірімдер спортын дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау. Онда  спорттық жарыстан бөлек, балалар арасында  түрлі байқаулар мен ұлттық құрама мешелерінің  классикалық және жағалай волейболынан шеберлік дәрістері де өткізілуде.

Әлемнің көптеген елдерінде дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін волейбол фестиваліне Қазақстан өткен жылы қосылған болатын.  Онда Алматыда мектеп жасындағы 200-ден астам ұл мен қыз  қатысқан еді. Биыл да олар жас ерекшігініне қарай 1994-96,  1997-98  және   1999 жылғылар мен  одан төменгілер  үш топқа бөлініп өзара сайысқа түсуде. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және дипдомдармен марапатталмақ.