Алматыда волейболдан ардагерлер арасындағы турнир өтуде

АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы ҚазАҰУ-дің спорт кешенінде ардагерлер арасында Санжар Жандосов пен Геннадий Толмачевты еске алуға арналған волейболдан турнир өтіп жатыр.

Қазақстан тарихында бірінші рет өткізіліп отырған бұл турнирге Алматы, Шымкент, Талдықорған қалаларының командаларымен бірге «Санжар балалары» командасы да қатысуда. Турнирге жалпы саны алты команда қатысып жатыр, Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті атынан ойын көрсетіп жатқан ҚазҰАУ-1 командасының капитаны - белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов.