Алматыда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда  волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалының алғашқы кездесулері өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған 7 қаладан 8 команда қатысып жатыр. Олар - "Астана" (Астана), "Алматы" (Алматы), "Ертіс" (Павлодар),  "Жетісу" (Талдықорған), "Шығыс" (Өскемен), "Металлург", "Спартак"  (Теміртау) және  "Грация" (Орал). Алғашқы күнгі кездесу  "Астана" мен   "Шығыс" (3:1),  "Ертіс" пен    "Қазхром"(3:0), "Жетісу" мен "Спартак" (3:0) және  "Алматы" мен "Грация" (3:0) командалары арасында өтті. Октябрь  Жарылқапов атындағы спорт залында өтіп жатқан бұл жарыс қазанның  27-сіне дейін созылады.  Ертең  "Спартак" пен "Металлург",  "Шығыс" пен "Ертіс",  "Грация" мен "Астана",  "Жетісу" мен "Алматы" командалары кездесетін болады. Былтыр Қазақстан  кубогында   "Жетісу"  бірінші,  " Ертіс" екінші, "Астана" үшінші, ал "Металлург" төртінші орынға ие болған болатын.