«Темір дос» спорт кешенінде өтетін бұл додаға Хромтауда өткен ширек финалдық ойында үздік шыққан 4 команда қатысады. Олар «ТНК Қазхром» (Хромтау), «Есіл» (Қызылжар), «Конденсат» (Орал), «Атырау» (Атырау) волейболшылары. Алғашқы күні хромтаулықтар атыраулық, ал қызылжарлықтар оралдықтармен күш сынасады. Бұл қарымта кездесуде басым түскен командалар келесі күні бірінші, ал жеңілгендері үшінші орын үшін таласатын болады.
16:31, 27 Қазан 2010
Алматыда волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан Кубогының ақтық кезеңдері өтеді
АЛМАТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қазанның 30-31 күндері волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан Кубогының жартылай және ақтық ойындары болады.