Онда жарыс қожайындарының «Қазхромы» «Семей» (Семей), «Ұшқын» (Астана), «Конденсат» (Орал), «Ертіс-АО-АК» (Павлодар облысы) командаларын - 3:0, «Есіл» (Қызылжар) мен «Атырау» (Атырау) командаларын - 3:1, ал «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысты» (Өскемен) 3:2 есебімен ұтып барлық ойында мерейі үстем болды. Енді үздік төрттікке енген «Қазхром», «Есіл», «Конденсат» және «Атырау» волейболшылары қазанның 30-31-і күндері Қазақстан кубогының Алматыда өтетін жартылай және ақтық финалында қайта кездеседі.
14:21, 22 Қазан 2010
Алматыда волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының ақтық ойындары өтеді
АЛМАТЫ. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Хромтауда қазанның 13-20-сы күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтті.