Алматыда волейболдан Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары болады

АЛМАТЫ. 28 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 29-30 қазан күндері «Темір дос» спорт кешенінде волейболдан Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтеді.

КСРО спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Октябрь Жарылғаповты еске түсіруге арналған бұл дүбірлі доданың ерлер командалары арасындағы ширек финалдық ойындары 18-26 қазан күндері өткен болатын. Онда үздік төрттікке енген «Алматы» (Алматы), «ТНК «Қазхром» (Хромтау), «Динамо-Қазығұрт» (Шымкент) пен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) командалары Қазақстан кубогын сарапқа салады. Ал әйелдер арасында мұндай мәртебеге 4-11 қазанда Павлодар қаласында өткен ширек финалда «Жетісу» (Алматы облысы), «Қарағанды» (Қарағанды), «Ертіс-Қазхром» (Павлодар облысы) мен «Астана» (Астана) ие болған еді.