Алғашқы турдағы 4 кездесуде де жеңіске жеткен «Жетісулықтар» (Талдықорған) турнир кестесінде 11 ұпаймен көш бастап келеді. Олардан 2 ұпайы кем «астаналықтар» - екінші, 6 ұпайы кем «алматылықтар» - үшінші, 8 ұпайы кем «қарағандылықтар» - төртінші, ал 9 ұпайы кем павлодарлықтар («Ертіс-Қазхром») турнир кестесін түйіндеуде.
5 күнге созылатын бұл сайыс «Астана» мен «Алматы», «Ертіс-Қазхром» мен «Қарағанды» командаларының ойынымен басталады. Ал ақтық ойындар 26 желтоқсанда «Қарағанды» мен «Астана», «Алматы» мен «Жетісу» арасында өтеді.
12:04, 22 Желтоқсан 2012
Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер арасында ел чемпионатының екінші басталды
АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Темір дос» спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары басталды.