Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 1-туры өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Октябрь Жарылқапов атындағы спорт залында Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 1-туры басталды.

Бұл жарыс Павлодар облысының "Ертіс-Қазхромы" мен Қарағанды облысының "Қарағанды" командалары арасындағы ойынмен ашылды. Онда павлодарлықтар қарағандылықтарға 2:3 есебімен (19-25, 21-25, 25-21, 25-22, 13-15) есе жіберді. Одан кейін алаңға Теміртаудың "Металлургы" мен Алматы облысының "Жетісу" командасы шыққан болатын. "Жетісулықтар" қарсыласын 0:3 (22-25, 19-25, 14-25) есебімен ойсырата ұтты. Ал алғашқы жарыс күнін қорытындылаған алаң қожайындары "астаналықтарды" 3:2 есебімен (23-25, 25-17, 20-25, 25-23, 16-14) қапы қалдырды.