18:17, 06 Сәуір 2009
Алматыда волейболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында «Плей-офф» ойындары өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда волейболдан XVII Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы «Плей-офф» ойындары өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сәуірдің 10-ына дейін жалғасатын бұл сайыс «Темірдос» спорт
кешенінде өтуде. Онда жартылай финалда Алматының «Алматысы»
Хромтаудың «Қазхром», Атыраудың «Атырауы» Оралдың «Конденсатымен» жұп құрауда. Олар екі жеңіске дейін өзара сайысқа түсіп, жеңімпаздары - бірінші, ал жеңілгендері үшінші орын үшін таласатын болады. Жартылай финалдық ойындарда бірінші жұпта алматылықтар хромтаулықтардан 3:0, 3:0 есебімен басым түсті. Ал екінші жұптың ойынында бірінші ойын атыраулықтардың (3:1) пайдасына шешілгенмен, екінші кездесуде оралдықтар (3:0) басым түсті. Сол себепті жеңімпаздың есімі бүгін кешке ғана белгі болады.