Алматыда волейболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы «Плей-офф» ойындары өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 4-і мен 10-ы аралығында волейболдан Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы «Плей-офф» ойындары өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттық лига командалары арасындағы ХVII ел чемпионатының 1-ші тур ойындары 2008 жылы қарашаның 7-11-і күндері Алматыда өткен болатын. Екінші тур желтоқсанның 8-14-і күндері - Хромтауда, үшінші тур қаңтардың 12-18і күндері - Петропавлда, төртінші тур ақпанның 9-13-і күндері - Атырауда, ал бесінші тур наурыздың 6-10-ы күндері Оралда болды. Бұл сайыстардың қорытындысы бойынша ақтық сынға 4 команда ғана жолдама алды. Олар ? Алматының «Алматы», Атыраудың «Атырау», Оралдың «Конденсат», Хромтаудың «Қазхром» волейболшылары.