Алматыда волейболдан жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры өтеді

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 3-8 желтоқсанда Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде волейболдан жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 2-туры өтеді.

11-16 қараша күндері Теміртауда болған алғашқы турдың қорытындысы бойынша қазір Өскеменнің «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» командасы 17 ұпаймен 1-орында келе жатыр. Екінші орында 13 ұпаймен Теміртаудың «Спартак АМТ», ал одан кейінгі орындарда бірдей ұпай жинаған (12) «Иволга» (Қостанай) мен «Алматы-ЦСКА» (Алматы) тұр. Айналма жүйесі бойынша өтетін бұл ел чемпионаты 5 турдан тұрады. Ойындар жарысқа командалары қатысып жатқан қалаларда өтеді. Екінші айналымның қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа кіргендер одан кейін 1-6, ал өзгелері 7-10 орындар үшін таласатын болады.