Бұл фестиваль бағдарламасында жапон кино өнерінің соңғы 15 жылдағы ең үздік туындылары көрсетілмек. Шараның мақсаты әлемде жоғары бағаға ие жапон киноларын әр қырынан таныту.
«Әрқашан: Үшінші Авенью күнбатысы» фильмі 1950 жылдардағы Токио жағдайын суреттейді. Ал «Ғажайып жаз» киносы жапон аңыздары мен қазіргі уақытты бейнелесе, Оскар жүлдесінің иегері «Кеткендер» фильмі отбасы мен олардың өзара қарым-қатынастары туралы, «Линда, Линда, Линда» - бір-бірін демеп жүретін мектептегі достықты сөз етеді. Ал «Ханаби» фильмі шынайы сезімдер жайлы баяндайтын кино.