Оның айтуынша, 2-6 сәуір аралығында өтетін бұл фестивальға Швейцариядан, Германиядан және Франциядан келген белгілі джаз топтары өнер көрсетеді. «Сонымен қатар, фестиваль аясында шетелдерден келген джаз мамандары Алматыдағы Джаз мектебіде шеберлік сыныптарын өткізеді. Сондай-ақ тұңғыш рет Қазақ ұлттық өнер университетінің Биг Бэнд және «Дервиши» тобының «Восточный Экспресс» этно тобы өнер көрсетеді», - деді Қарлығаш Мақатова. Естеріңізге сала кетейік ,аталмыш фестивальдың негізін Джаз Бэнд оркестрінің жетекшісі Тагир Зарипов қалаған. Биыл осымен 13-рет өтейін деп отырған бұл мәдени шараға Алматы қаласының әкімдігі мен Түркия, Швейцария, Германия және Франция елшіліктері трақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Алғашқы Джаз концерті бүгін Алматы қаласында Жамбыл атындағы филармонияда кешкі сағат 19.00 басталады.
13:17, 02 Сәуір 2014
Алматыда XIII Халықаралық Джаз Фестивалі ашылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл сайын өтіп тұратын бұл фестивальдың шымылдығын биыл Тагир Зарипов басқаратын Джаз Бэнд оркестрі мен Бакы Дуярлы (Түркия) басқаратын квартет ашады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз маслихатында фестивальдің менеджері Қарлығаш Мақатова мәлімдеді.