Ы.Алтынсарин атындағы білім бәсекесі аймақтарда облыстық департаменттердің және аудандық білім беру бөлімдерінің қолдауымен Алматы облысының Талдықорған, Жаркент қалалары мен Райымбек аудандарында, Жамбыл облысының Тараз қаласында, Қордай ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент және Түркістан қалаларында, Қызылорда облысының Қызылорда, Қазалы, Қармақшы қалаларында, Жаңақорған ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өтті.
Университет басшылығының шешімімен 11 сыныптың оқушылары арасында ұйымдастырылған білім сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ректорлық гранттар беріледі және ҚМҚПИ-ға түсуге жеңілдіктер қарастырылады.
Айта кеткен жөн, өткен жылы Ы. Алтынсарин атындағы олимпиаданың 21 үздік қатысушысына аталмыш оқу орнының ректорлық гранттары берілген.