Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болған бұл шара Ядролық физика институтының қолдауымен ұйымдастырылды. Оған ядролық физика саласындағы шетелдік ғалымдармен бірге, Австрия, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей, Қытай, Моңғолия сияқты елдердің МАГАТЭ желісіне енгізілген ядролық деректердің ұлттық базасын құрушы ғалымдары қатысты. Ол Ядролық реакциялар жөніндегі Орталық-Азиялық дерекқор базасының (ЯР-ОАДБ) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұйымдастырылған болатын.
Орталық Азияда алғашқы рет ядролық реакциялар бойынша деректердің компьютерлік базасын жасап қалыптастыру және оны МАГАТЭ жетекшілік ететін ядролық деректер базасының халықаралық желісіне енгізу деректер базасының идеясы болып табылады. Құрылып жатқан деректер базасы осы саладағы мамандарға, ғалымдар мен студенттерге қолжетімді болады. Деректер базасының құрылуын ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және бірқатар ұлттық ядролық деректер базасы мен МАГАТЭ өкілдері мақұлдады..