Алматыда ядролық және радиациялық физика туралы халықаралық конференция өтіп жатыр
Оны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар, Білім және ғылым министрліктері мен Атом знергетикасы комитеті және ҚР Ұлттық ядролық орталығының бейінді институттары бірлесіп ұйымдастыруда.
«Шараға Австрия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Бельгия, Германия, Мысыр, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз, Корея, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина және Жапониядан 200-ден астам ғалымдар қатысуда. Дәстүрлі бұл конференция биыл қатысушыларының санымен ғана емес, талқыға түсетін тақырыптарымен ме ерекшеніп отыр», - дейді ҚР Ұлттық ядролық орталығының Бас директоры Қайрат Қадыржанов. Оның айтуынша, конференция жұмыс - атомдық энергетика; ядролық физика; радиациялық экология; медицина мен өнеркәсіптегі ядролық және радиациялық әдістер деп аталатын секциялар бойынша жүреді.