«Биыл 19 сәуір күні Алматы қаласының әкімдігі осы учаскені алып туралы қаулы қабылдады, бірақ иесі өтемақы сомасымен келіспеді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа мемлекеттік мүлік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз түсірді. Оң шешім қабылданған жағдайда «Южный» паркінің аумағы 2,8 га ұлғаяды», – деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар ол Алматы қаласы әкімдігінің Жароков – Левитан көшесіндегі ауданы 30 сотық жер учаскесін алып қою туралы қаулы қабылданғанын атап өтті.
«Бұл аумақта 2023 жылдың қазан айына дейін аудан тұрғындарының бос уақыты мен демалысы үшін спорттық, балалар және workout алаңдары ашылады», - деді Алматы әкімі.