Алматыда заманауи стадиондар салынады
17:11, 12 Маусым 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алмалы мен Бостандық ауданына қарасты №95 және №40 мектептердің жанынан стадион ашылады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа оқу жылы қарсаңындағы жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асып отыр. Спорт алаңының құрылысына жас кәсіпкер Ақылбек Аққайыр 200 млн теңге көлемінде инфестиция бөлген.
200 орындық спорт кешендері биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі.