Салтанатты ашылу шарасына ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен Алматы әкімі Ахметжан Есімов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара барысында сөз алған қала әкімі Ахметжан Есімовтың айтуынша, Алматыда қазіргі кезде 48 жоғары оқу орны мен 69 жалпы білім беру ошақтары бар.Олардағы жатақханаларда 29 мың студент тұрады.
«Қазіргі таңда қала әкімшілігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып студенттерге арналған жатақханалардың санын арттыруды көздеп отыр.Біз сіздердің дұрыс жағдайда оқу мен өмір сүрулеріңіз үшін барлық жағдайды жасаймыз», деген қала әкімі студенттерді жаңа үйдің ашылуымен құттықтады.
450 орындық жаңа жатақханада студенттердің оқулары мен тұрмысына барлық жағдай жасалған.Бұнда интернетпен жабдықталған 2 оқу, 2 кинозалы, жуыну бөлмелері бар.Әр секцияда электрожабдықтар, тоңазытқыш, кір жуу, үтіктеу, жаттығу бөлмелері бар.Мүгедектерге арналған арнайы көтерме жол да қарастырылған.