Алматыда заңды тұлғалардың көбі көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 131 мың 683 заңды тұлға тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты ұлттық статистика бюросы Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, 1 қазандағы жағдай бойынша Алматы қаласында 131 мың 683 заңды тұлға тіркелген.

Ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны көтерме және бөлшек саудада (автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуді қоса алғанда) сақталған, олардың үлесі - 33,4%.

Екінші орында – көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну (12,5%).

Үшінші орында – кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (9,5%).

Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 55,4%-ын құрайды.

Жұмыс істейтін заңды тұлғалар - тіркелген заңды тұлғалар санының 65 пайызы.

Сондай-ақ, Алматыда заңды тұлғалар ішіндегі жалпы басшылар санының 32,1 пайызы - әйелдер.

Әйел басқаратын заңды тұлғалардың негізгі экономикалық қызмет түрлері:

• білім беру (60,3%);

• денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (49,9%);

• жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (40,4%);

• тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету (39,5%);

• кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (38,4%).


Соңғы жаңалықтар