Алматыда заңсыз айналымнан 223 келі есірткі тәркіленді - Алматы полициясы

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Алматы полициясы заңсыз айналымнан 223 келі есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД-ге сілтеме жасай отырып.

Қалалық ІІД-ден хабарлағандай, аталған көрсеткіш алдыңғы жылғы есеппен салыстырғанда 4 есе артық болып шықты.

Есірткіге қарсы күрес қызметі 2014 жылы 360 қылмыс анықтаған. Олардың 208-і есірткі саудалаумен байланысты болған. 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,6 пайызға артық.

«Нақтырақ айтатын болсақ, заңсыз айналымнан 17,5 келі героин, 194 келі марихуана, 12 келі гашиш және басқа түрлері тәркіленді. М. есімді азамат бастаған 7 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті ашылды. Олар есірткіні интернет пен ұялы байланыс арқылы сатқан. Аталған дерек бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды. Осы топтың құрамындағы О. есімді азаматша бірнеше рет 5 млн. теңгеден артық қаржымен операция жасаған. Ол қазір 18 жылға бас бостандығынан айрылды», - деді қалалық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес Басқармасының басшысы Азамат Садыров.

Полицияның хабарлауынша, өткен жылы Медеу ауданындағы Есенберлин көшесінің бойында есірткі саудалау ордасы әшкереленді.

Соңғы жаңалықтар