Алматыда заңсыз сатылымға шыққан тағы бір тұрғын үй кешені анықталды
Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасының ақпаратына сәйкес, интернет-ресурстарда Достық даңғылы 170/1 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінде пәтерлердің сатылуы бойынша хабарландырулар жарияланған.
Аталған учаскеде көппәтерлі тұрғын үй (КТК) құрылысын салу мақсатында меншік иесі 2005 жылы Сәулет-жоспарлау рұқсатнамасымен құрылыс бастаған, содан кейін нысан салынбай бірнеше жылға тұрып қалған.
«Кейін бұл учаске басқа меншік иесіне берілді, ол сол учаске маңында заңсыз стационарлық емес сауда нысандарын тұрғызды. Басқарма меншік иесіне қатысты заңсыз сауда павильондарын сүруге талап арыз берді. 2023 жылдың 2 мамырында сауда нысандарын бұзу туралы шешім қабылданды. Сот шешімі заңды күшіне енуі тиіс»,- деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Тағы бір талап-арыз ғимараттың өзін сүруге қатысты. Ол Медеу аудандық сотына жылжымайтын мүлікке тыйым салу, ҚМЖ өндірісіне тыйым салу және рұқсат құжаттамасын беруге тыйым салуды қамтамасыз ету туралы өтінішпен қоса келіп түсті.
Сот процестері әлі де жүріп жатыр, сот-құрылыс сараптамасы тағайындалды.
Сондықтан, қала тұрғындарына жоғарыда аталған мекенжай бойынша тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алудан бас тартқан жөн.
«Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені туралы қала құрылысын бақылау басқармасының шұғыл байланыс нөміріне, яғни +7 (727) 229-81-36 бойынша хабарласып, алдын ала құжаттардың толық пакетін тексеріп алуды ескертеміз»,- делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда екі тұрғын үй кешенінің заңсыз пәтер сатуға шығарғаны туралы жазған едік.