Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, саудагер өзінің гаражында көлік заттарын сатумен айналысқан.
«Бірнеше сағат бұрын мобильді топ ескі көлік бөлшектері саудаланған сауда нүктесін анықтады. Қожайын дүкенді өзінің гаражында ашып қойған. Тексеру барысында 100 айна мен 3 аккумулятор табылды. Тәркіленген бөлшектердің арнайы құжаты жоқ болып шықты. Қазір бұл заттардың бұрынғы қожайындары іздестіріліп жатыр. Сонымен қатар, айналардың ұрланғандығы тексерілуде. Жапа шеккен азаматтар бөлімшеге келіп өз заттарын алуда», - деді Бостандық ауданы Полиция басқармасының басшысы Дәурен Утебаев.