Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі рейд жұмыстарын жүргізген. Рейд барысында ҚР Тұңғыш Президенті бағында жаппай сауда жүргізіліп жатқаны анықталған.
«Құқық бұзған Д. атты азаматтың заңға қарсы әрекетіне тосқауыл қою барысында ол полиция қызметкерлерінің талабына қарсылық білдірді. Сол үшін Әкімшілік кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды полиция департаментінен.
Сонымен қатар Д-ға қатысты Әкімшілік кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша да (бірнеше рет жасалған заңсыз сауда) әкімшілік хаттама толтырылған.