Шараның бірінші күні көші-қон қызметкерлері 235 құқық бұзушылықты анықтапәкімшілік жауапкершілікке тартты. 107 шетелдіктердің келу мерзімін қысқартты, елден 82 шетел азаматышығарылды.
«Көші-қон заңнамасын бұзғандардың басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен жұмыс істеуге келгендер. Оларқұрылысшылар мен қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Тексеру барысында 171шетелдіктің құжаттары дұрыс емес, яғнибіздің елде жүруге берілетін рұқсат қағаздары жоқ. 47 жұмыс беруші мен заңды тұлғалар ҚР шетелдік жұмыс күшін тартуғақатысты ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. 110 адамның жекебасын куәландыратын құжаттары жоқ. Сондай-ақ, заңсыз көші-қон қызметінің құжатын жасау бойынша 2 факті анықталды. Қазір алдын-ала тергеудіңбірыңғай тізілімінде тіркелді», - деді Алматы ПД көші-қон басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ, Медеу ауданында 20-дан астам заңсыз өзбекстандық жұмысшысыанықталды. Олар тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізіп жатыр. Мигранттардыңқұжаттары жоқ. Арнайы тексеруден кейініс Алматы қаласының мамандандырылғанауданаралық әкімшілік сотына жіберілетін болады.