Аталған ғимарат «Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-ға тиесілі болып шықты.
Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт туралы хабарлама түскі 14:42 де түскен.
«Ғимараттың 2-қабатындағы тауарлар мен материалдар өртенгені анықталды. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер түгел ғимаратты қарап шықты. Төтенше жағдай кезінде адамдар болған жоқ. 15:20 да өрт толық сөндірілді», - деді С. Баймұхамбетова.