Қайғылы оқиға Райымбек пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болды.
65 жастағы ер адам көшені тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған. Сол сәтте Розыбакиев көшесімен солтүстікке келе жатқан Мерседес жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, оны қағып кетті.
Ер адам сол жерде қаза тапты.
Оқиғаның жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.