Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 9 тамызда Әуезов ауданындағы «Достық» шағын ауданында болған.
«Іс материалдарына сәйкес, 77 жастағы ер адам жөндеу жұмыстарына қазылған шұңқырға құлап кеткен. Алған жарақатынан қария 2 күн өткен соң №7 қалалық ауруханасында қаза болды. Аталған дерек ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді», - деді баспасөз қызметінен.
Әуезов аудандық ІІБ тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Оқиға орнында «Алвис» ЖШС мердігерлік ұйымы жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан.