Оның айтуынша, 54 жастағы әйел өздігінен жүре алмайтын, жалғыз-жарым зейнеткерлерді торыған.
«Әб д ен сенімге кірген соң, қарияларды алдап-сулап, қаржысын алып тайып тұратын болған. Қазіргі таңда ол 700 мың теңгеге тарта ақшаны қолды қылды. Дәл қазір оның алаяқтығынан 8 зейнеткер жапа шекті деп болжанып отыр. Алайда, сазға отырғандардың саны одан да көп болуы мүмкін. Егер, аталған әйелден жапа шеккендер болса, Әуезов ауданының полиция бөліміне 2985372 хабарласуларын сұраймыз», - деді А. Қалымбетов
Полиция капитанының айтуынша, Мұхаметжанова есімді әйел бұған дейін де осы тектес қылмысы үшін істі болған екен.